Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Power International Holding (PIH) компаниясының басшылары Муатаз Әл-Хаят пен Рамез Әл-Хаятпен кездесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Кездесу барысында энергетика және телекоммуникация салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Мемлекет басшысы газ өңдеу, тасымалдау және қуат өндіру салалары Қазақстан мен Қатар арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың негізі екенін атап өтті. PIH компаниясының телекоммуникация нарығын кеңейту жоспары Mobile Telecom Service (Tele2) байланыс операторын сатып алу арқылы жүзеге асырылады. Президент осы арқылы инфрақұрылымды жаңғырту, қызмет сапасын арттыру және халыққа қолжетімділікті жоғарылату мүмкіндігіне сенім білдірді.
Кездесу соңында тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға және перспективті жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін растады.