USD: 468.1 / 470.7
  • EUR: 539.0 / 544.0
  • RUB: 5.41 / 5.53
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Қазақстан Маха.dxb лақап атымен танымал блогерге халықаралық іздеу жариялады

Фото: ҚМА
Фото: ҚМА
Блогер заңсыз интернет-казиноларды жарнамалаған.

Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) Өзбекстан азаматы, Маха.dxb лақап атымен танымал блогер Махмуд Умидович Хикматовқа халықаралық іздеу жариялады. Сот оны қамауда ұстауға санкция берген.

Агенттіктің мәліметінше, Махмуд Хикматов SultanGames, PINCO, Nomadcasino, Pin-Up, Vavada және басқа да заңсыз интернет-казиноларды жарнамалап, насихаттады деген күдікке ілінген.

"Тергеу нұсқасы бойынша, Қазақстан аумағында интернет-казинолардың заңсыз қызметін қамтамасыз ететін тұрақты жүйе жұмыс істеген. Оның аясында ойын платформаларының интерфейсі ұсынылып, төлемдерді қабылдау мен төлеу үшін эквайринг, мобильді төлемдер және криптовалюта пайдаланылған. Азаматтарды тыйым салынған құмар ойындарға тарту үшін ұйымдастырушылар Махмуд Хикматовты жарнама науқанына тартқан. Оның міндеті – Қазақстандағы танымал инфлюенсерлерді тауып, солар арқылы жарнамалық материалдар жариялату болған", – делінген хабарламада. 

Ведомствоның хабарлауынша, Хикматов блогерлерден әлеуметтік желідегі парақшаларының статистикасын, соның ішінде аудиториясының демографиялық және географиялық мәліметтерін, сондай-ақ жарияланымдарының қамту көрсеткіштерін сұратқан. Жарнама құны осы көрсеткіштерге қарай белгіленген.

ҚМА мәліметінше, ол бұл іске 35-тен астам блогерді, оның ішінде блогер Қамза Қ.-ны тартқан.

Тергеу нұсқасы бойынша, Қамза Қ. әлеуметтік желілерде интернет-казиноларға апаратын рефералдық сілтемелерді жариялап, Қазақстан азаматтарын заңмен тыйым салынған құмар ойындарға тартқан. Әрбір тартылған пайдаланушы үшін оған сыйақы төленіп отырған.

Еске салайық, Қамза Қ. биыл 6 тамызда Вьетнам Социалистік Республикасынан Қазақстанға экстрадицияланған.

Қаржылық мониторинг агенттігі іздеудегі адамның жүрген жері туралы мәліметі бар азаматтарды +7 (7172) 70-84-78 нөмірі арқылы хабарласуға шақырды. Ведомство хабар берген адамның құпиялығы сақталатынын және сыйақы төленетінін мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау