USD: 474.9 / 477.9
  • EUR: 543.0 / 548.0
  • RUB: 5.85 / 5.97
Тікелей эфир
Алматы +16C
Все города

Қайсар Қамзаға халықаралық іздеу жарияланды. Блогерге қандай айып тағылып отыр

фото: instagram
фото: instagram
Қаржылық мониторинг агенттігі танымал инфлюенсерді заңсыз құмар ойындарға қатысы бар деп күдіктеп отыр.

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі 1995 жылғы 18 қыркүйекте туған Қазақстан азаматы Қамза Қайсар Бақытжанұлына халықаралық іздеу жариялағанын хабарлады.

Сот оның үстінен "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. Ол заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілініп отыр.

Тергеу дерегінше, Қамза Қ.Б. соңғы бес жыл бойы Instagram әлеуметтік желісінде qais_arr атауымен (2,4 млн жазылушы) блогерлік қызмет жүргізіп, сондай-ақ Telegram желісіндегі "Қора энтертейнмэнт" жабық арнасын (368 мың жазылушы) басқарған.

"Күдікті өз аккаунттары арқылы Қазақстан азаматтарын Pinco интернет-казино сайтында тіркелуге және құмар ойындарға қатысуға шақыратын бейнематериалдар, сілтемелер мен жарнамалық жазбаларды тұрақты түрде жариялап отырған. Сонымен бірге пайдаланушыларға бонус беретін жеке промокодын да көрсеткен. Осылайша ол азаматтарды құмар ойындарға тарту арқылы ойын платформасынан сыйақылар, бонустар және пайыздық аударымдар түрінде табыс тапқан. Заңсыз жолмен алынған кірістерді жасыру үшін күдікті криптоәмиянды пайдаланған. Оған Pinco интернет-казиносының ұйымдастырушыларынан төлемдер түсіп отырған", – делінген хабарламада.

Сот санкциясымен 182 736,741 USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды.

Қаржылық мониторинг агенттігі егер іздеуде жүрген тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, +7 7172 70 84 78 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау