Биыл Қырғызстанда өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру комитеті спорт сайысының тағы бір амбассадорын жариялады. Ол – башқұртстандық Ay Yola тобы.
"Ay Yola өз шығармашылығы арқылы осы жерден бастау алған құндылықтарды әлемге танытып, оларды бүгінгі тыңдарманға түсінікті әрі жақын етіп жеткізеді. Амбассадорлық бағдарлама аясында ұжым Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын мәдени және ақпараттық бастамаларда таныстырып, дәстүрлі мәдениеттің заманауи халықаралық бейнесін қалыптастырады", – делінген хабарламада.
Еске салайық, таяуда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру комитеті ойындар бағдарламасында көкпар қалатынын мәлімдеп, оған қазақстандық спортшылар қатысатынына үміт білдірген болатын.
"Біз этномәдениет пен этноспортты дамытамыз. Сондықтан көкпар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына қосылды. Оған біздің командамыз да қатысады, олар дайындалып жатыр. Біз қазақ бауырлар да келіп, ойынға қатысады деп үміттенеміз", – деді Қырғызстандағы Дене шынықтыру және спорт бойынша мемлекеттік агенттіктің директоры Казыбек Молдажиев.
USD:
497.1 / 500.1
EUR:
588.0 / 592.0
RUB:
6.43 / 6.55

