Демократия институты жүргізген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері биылғы Құрылтай депутаттарының сайлауында қазақстандықтардың дауыс беру деңгейі айтарлықтай жоғары болады деген болжамға негіз болып отыр. Институт сауалнаманы 20 шілде мен 6 тамыз аралығында жүргізді.
"Егер Құрылтайға (Парламентке) сайлау келесі жексенбіде өтсе, Сіз дауыс беруге барар ма едіңіз?" деген сұраққа сауалнамаға қатысқандардың 73,1%-ы сайлауда дауыс беруге ниетті екенін білдірді. Басқаша айтқанда, респонденттердің төрттен үшеуі Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға ниетті.
Зерттеу барысында респонденттердің электоралдық таңдаулары да зерделенді. Сауалнама қатысушыларына сайлауда қай саяси партияға дауыс беруге дайын екендері сұралды.
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, респонденттер арасында ең жоғары қолдауға "Әділет" партиясы ие. Сауалнамаға қатысқандардың 70,3%-ы аталған партияға дауыс беруге дайын екенін білдірді. Осылайша "Әділет" партиясы электоралдық таңдаулар рейтингінде бірінші орынға ие болып отыр.
- Екінші орында – "Ауыл" партиясы, оған респонденттердің 5,6%-ы дауыс беруге дайын.
- Үшінші орында "Ақ жол" партиясы, партияны қолдаушылар үлесі 5,0% құрады.
- Келесі кезекте "Respublica" партиясы орналасқан, оны респонденттердің 4,9%-ы қолдауға дайын.
- Бесінші орында 4,2% нәтижемен оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партия орналасқан.
- Алтыншы орында – Халық партиясы респонденттердің 3,9% қолдаған.
- Жетінші орында – "Байтақ" партиясы, қолдау деңгейі 0,6%-ды құрады.
Сондай-ақ, респонденттердің 5,5%-ы электоралдық енжарлықтанытып отыр. Оның ішінде 1,6%-ы барлығына қарсы дауыс беретінін айтса, 3,9%-ы қай партияға дауыс беретіні туралы әлі шешім қабылдамаған.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қазақстандықтардың электоралдық дайындығы жалпы жоғары деңгейде. Бұл азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне тұрақты қызығушылық танытатынын білдіреді және алдағы Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға деген саналы дайындығын айқын дәлелдейді.
Құрылтай сайлауы: қазақстандықтар сайлау учаскесін онлайн қалай біле алады
Қазақстандықтардың 72,3 пайызы Құрылтай сайлауында дауыс беруге дайын