Қазақстандықтар алдағы сайлауда дауыс беретін учаскесінің нөмірі мен мекенжайын бірнеше цифрлық сервис арқылы алдын ала тексере алады. Ол үшін ЖСН мен тұрғылықты өңірді көрсету жеткілікті.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, азаматтарға ыңғайлы болу үшін бірден үш онлайн-сервис іске қосылған. Сайлаушы көрсетілген сервистердің кез келгеніне кіріп, өз өңірін таңдап, ЖСН енгізу арқылы сайлау учаскесінің нөмірін және нақты мекенжайын біле алады.
Онлайн-сервистер:
Сайлау учаскесін eGov Mobile қосымшасы арқылы да тексеруге болады. Ол үшін қосымшадағы "Танымал қызметтер" бөліміне кіріп, тиісті сервисті пайдалану қажет. Жүйе ЖСН енгізілгеннен кейін сайлау учаскесінің нөмірі мен дауыс беру орнының мекенжайын көрсетеді.