Тікелей эфир

Қазақстан азаматтарын әскер қатарына алу үшін 1414 қызметі қолданылады

Азаматтар әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру мүмкіндігін бір реттен артық пайдалана алмайды.

Қазақстан азаматтарын әскер қатарына алу үшін 1414 қызметі қолданылады. Бұл туралы бүгін парламент мәжілісінде мәлім болды.

Заң жобасында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жөнінде хабардар етудің электронды әдісі белгіленеді.

Қорғаныс министрлігі осы мақсатта SMS хабарламаларды "электронды үкімет" веб-порталы – 1414 қызметі және пайдаланушының "жеке кабинеті" арқылы жібере алады.

"Енді Қазақстан азаматтары оқуды жалғастыру үшін әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру мүмкіндігін әрбір білім деңгейі бойынша бір реттен артық пайдалана алмайды. Яғни, бакалавриатты аяқтаған соң басқа мамандық бойынша қайталап бакалавриат оқу кезінде кейінге қалдыру мүмкіндігін ала алмайды.Некеде тұрған азаматтар, егер жұбайы жүкті болса, отбасылық себептері бойынша мерзімді әскери қызметке шақыруды 12 және одан да көп аптаға кейінге қалдыруына болады", – делінген хабарламада.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары