Қазақстан азаматтары мамырда 14 күн демалады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Алты күндік жұмыс аптасында 12 күн демалыс болады.

2026 жылғы мамырда қазақстандықтарды бірден төрт мемлекеттік мереке күтіп тұр. Соның нәтижесінде ай ішінде демалыс күндерінің саны айтарлықтай көбейеді.

  • 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні жұмаға сәйкес келеді. Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар қатарынан үш күн – 1, 2 және 3 мамыр күндері демалады.
  • 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні бейсенбіге түсіп отыр. Бұл күні де ресми түрде бір күн демалыс беріледі.
  • Ал 9 мамыр – Жеңіс күні сенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылып, қазақстандықтар 9, 10 және 11 мамыр күндері қатарынан үш күн тынығады.

Сонымен қатар 27 мамырда Құрбан айт мерекесіне орай қосымша демалыс күні қарастырылған. 2026 жылы бұл күн сәрсенбіге сәйкес келеді.

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында мамыр айында 14 демалыс күні болса, алты күндік жұмыс аптасында 12 күн демалыс болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз