Қазақстан Ақтау маңында құлаған ұшақтың қара жәшіктерін Бразилияға жібереді

Қара жәшіктердің деректері Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығында оқылады.

Қазақстандық авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия Борттық өздігінен жазғыштарды (қара жәшіктерді) Embraer әуе кемесін шығарушы Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

"Чикаго конвенциясының 13 қосымшасына сәйкес тергеу жүргізетін мемлекет борттық өздігінен жазғыш деректерін оқуды қамтамасыз етеді және оларды қай елде таратып жазу туралы шешім қабылдайды. Қазақстан бұл Конвенцияны 1992 жылы ратификациялады және Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) мүшесі болып табылады", – делінген баспасөз хабарламасында.  

CENIPA орталығында қажетті техникалық мүмкіндіктер қарастырылған, тиісті құралдармен жабдықталған және оларды оқу үшін сертификатталған зертхана бар. 

"Бұл мәселе Мемлекет басшысының жеке бақылауында", – делінген баспасөз хабарламасында.  


Оқи отырыңыз: Тоқаев Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде ерлік танытқан азаматтарды марапаттады


 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз