Соңғы үш жылда Қазақстанда секонд-хенд экспорты 60 есе артты. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.
Мемлекеттік кірістер комитетінің статистикасына сәйкес, былтыр Қазақстаннан өзге елдерге 51,8 мың тоннаға жуық пайдаланылған киім-кешек және заттар жіберілген.
Қазақстаннан пайдаланылған киімдерді 37 ел сатып алады. Олардың ішінде ТМД елдері мен Еуропа, АҚШ, тіпті Аустралия да бар. Бірақ барлық киілген киім экспортының 98,3 пайызы Тәжікстанға жіберіледі. Ал Өзбекстанның үлесі – 1,7 пайыз. Былтыр 858 кг киілген киім жөнелтілген", – делінген хабарламада.
Ал елімізге киілген киімдерді сатушы – Еуропа елдері. Атап айтқанда, Нидерландтан (24,5%) және Германиядан (30,9%) келді. Одан кейінгі орында Ресей (11,7%), Бельгия, Финляндия, Литва, Беларусь елдерінен де сатып алады.