USD: 471.1 / 473.9
  • EUR: 548.0 / 553.0
  • RUB: 6.37 / 6.49
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Қазақмыс Жыланды кенішін дамытып, кеншілердің еңбек жағдайын жақсартып жатыр

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Кеніште 2026-2029 жылдары кен өндіру көлемін жылына 3,5 млн тоннадан 5,4 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланған.

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі жұмыс сапары аясында Жыланды кен орындары тобына барды. Мұнда инвестициялық жобаларды іске асыруға, өндірістік қуатты арттыруға және жұмыскерлердің еңбек жағдайын жақсартуға назар аударылды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі

Жыланды кенішінде компания басшысы тау-кен жұмысының барысымен және өндіру көлемін ұлғайтуға бағытталған жобалардың іске асырылуымен танысты. Жыланды кен орындары тобы компанияның стратегиялық өндірістік активтерінің бірі болып табылады. 2026-2029 жылдары мұнда кен өндіру көлемін жылына 3,5 млн тоннадан 5,4 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда.

Кенішті дамыту аясында "Батыс Сарыоба" шахтасының -300 және -150 метр деңгейіндегі тереңдігін аршу, қазу жұмысы жалғасуда.  "Итауыз" шахтасында кен қазбаларының тұрақты желдетілуін қамтамасыз ететін желдеткіш шахталардың құрылысы толық аяқталды.

Сапар барысында Руслан Өскенәліге жаңа өндірістік инфрақұрылым нысаны – сыйымдылығы 1,4 млн текше метр болатын булану тоғаны таныстырылды. Бұл кеніш үшін аса маңызды нысан: ол өндіру үдерісі барысында пайда болатын шахталық және технологиялық суды жинап, кәдеге жаратады. Кеніштің өндіріс көлемі ұлғайған кезде мұндай инфрақұрылымсыз тұрақты жұмыс істеу мүмкін емес. Құрылыстың бірінші кезеңі толық аяқталды.

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы

Жұмыскерлердің еңбек жағдайына ерекше назар аударылды. Басқарма төрағасы Жыланды кенішінің әкімшілік-тұрмыстық кешенін аралады. Руслан Өскенәлі жұмыскерлер үшін қауіпсіз әрі лайықты еңбек жағдайын қамтамасыз ету – компанияның негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

"Күн сайын жер астында еңбек етіп, компанияның өндірістік нәтижесіне үлес қосып жүрген адамдар қауіпсіз әрі лайықты жағдайда жұмыс істеуі тиіс. Бұл – компанияның берік ұстанымы және біздің тікелей жауапкершілігіміз", – деді ол.

Сапар қорытындысында тұрмыстық инфрақұрылымды және жұмыскерлердің еңбек жағдайын одан әрі жақсарту жөнінде тапсырма берілді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз