Қазақмыс Ұлытау облысындағы геологиялық барлау жұмысын жалғастырып жатыр

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Бағдарлама аясында 50 мың қума метрден астам бұрғылау жұмысын жүргізу көзделген.

Минералдық-шикізат қорын дамыту және толықтыру – "Қазақмыс" тобы қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі болып қала береді. Осы жұмыс аясында компания жұмыс істеп тұрған кен орындары мен болашағы бар учаскелердің ресурстық әлеуетін жүйелі түрде зерттеуде. Геологиялық барлау бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – Ұлытау облысы. Мұнда жұмыс істеп тұрған кеніштердің қапталдары мен терең қабаттары, сондай-ақ Жезқазған кен орнының болашағы бар учаскелері зерттелуде, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы

Ұлытау облысындағы геологиялық барлау жұмысын "Kazakhmys Barlau" компаниясы жүргізеді. Бағдарлама аясында 50 мың қума метрден астам бұрғылау жұмысын жүргізу көзделген, оның 10 мың метрге жуығы орындалды. Жұмысқа бес бұрғылау қондырғысы жұмылдырылды.

Кен орнының қапталдарындағы бұрғылау жұмысы аяқталды. Қазіргі уақытта негізгі жұмыс терең қабаттар мен жер бетіне жақын минералдану аймақтарында жүргізілуде. Зерттеу жұмысы кен денелерінің жалғасуын нақтылауға, минералданудың перспективалы аймақтарын анықтауға және қосымша ресурстарды бағалауға мүмкіндік береді.

Алынған нәтиже Жезқазған кен орнының ресурстық әлеуетін нақтылау және геологиялық барлау жұмысының одан арғы бағытын айқындау үшін пайдаланылады. Жаңа ресурстардың анықталуы минералдық-шикізат қорын толықтыруға негіз қалыптастырып, болашақта Жезқазған кен орнының пайдалану мерзімін ұзартуға ықпал етеді.

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау