"Қазақмыс" кәсіпорындарындағы 38 медициналық пункт бірыңғай стандартқа көшіріледі

Фото: "Қазақмыс"
Фото: "Қазақмыс"
"Қазақмыс" медициналық пункттерді жабдықтауға 100 млн теңгеден астам қаржы бөлді.

"Қазақмыс корпорациясы" өндірістік нысандарындағы 38 медициналық пунктті қосымша жабдықтауға 100 млн теңгеден астам қаржы бөлді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Жоба медициналық пункттердің өндіріс орындарында жұмыскерлерге жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетуге дайындығын арттыруға бағытталған. Қазір қажет жабдықтың негізгі бөлігі медициналық пункттерге жеткізілген. Бағдарлама аясында медициналық пункттер алғашқы медициналық бағалау жүргізуге және шұғыл көмек көрсетуге қажетті заманауи жабдықтармен толықтырылды.

Атап айтқанда, 35 портативті дефибриллятор, 35 электрокардиография аппараты, 20 тасымалдау қалқаны, 52 жиынтық иммобилизациялық шина және 37 күйікке қарсы жиынтық сатып алынған. Сонымен қатар 38 медициналық пункттің барлығы медициналық тоңазытқышпен қамтамасыз етілді. Пункттерде оттегі баллондары, медициналық зембілдер және басқа да қажетті құралдар бар.

Медициналық пункттер өндірістік нысандардың ерекшеліктері мен шұғыл көмек көрсету талаптарын ескере отырып, бірыңғай стандарт бойынша жабдықталып жатыр. Компания бұл тәсіл медициналық пункттердің техникалық жарақтану деңгейін біріздендіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Медициналық пункттерді білікті мамандармен қамтамасыз ету де негізгі бағыттардың бірі. Барлық бөлімшеде кәсіби медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. Олар бейінді оқудан өтіп, шұғыл медициналық көмек көрсету дағдыларын тұрақты түрде жетілдіреді.

"Өндірістегі медицина қызметкерінің басты міндеті – үнемі қажетті көмекті жедел көрсетуге дайын болу. Төтенше жағдайда әр минут маңызды. Сондықтан дер кезінде әрекет ету маманның дайындығы мен өндіріс орнында қажетті жабдықтың қолжетімді болуына тікелей байланысты", – деді "Жезқазған медициналық орталығы" ЖШС директоры Дәурен Аманқұлов.

Компанияның мәліметінше, медициналық пункттерді қосымша жабдықтау – жұмыскерлерге көрсетілетін медициналық көмекті дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі. "Қазақмыс" өндірістік нысандардағы медициналық инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңартып, олардың шұғыл көмек көрсетуге дайындығын арттыруды жалғастырады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау