USD: 470.5 / 473.3
  • EUR: 547.5 / 552.5
  • RUB: 6.35 / 6.47
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Қазақмыс Қытайдағы металлургия және энергетика салаларының озық технологияларын зерттеуде

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Компания басшылығы CNMC (NFC) компаниясымен өзара ынтымақтастық мәселесіне ерекше назар аударды.

"Қазақмыс" корпорациясының Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында аспан асты елінің жетекші өнеркәсіптік және технологиялық компанияларының өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі

Қытайдағы заманауи металлургиялық кәсіпорындардың бірі – Хубэй провинциясында орналасқан Daye Smelter мыс балқыту зауытына бару бағдарламаның негізгі тармақтарының бірі болды. 

Сапардың негізгі мақсаты – компанияның өндірістік активтерін жаңғыртуда, энергия тиімділігін арттыруда және өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін дамытуда қолдануға болатын тиімді технологиялық шешімдер мен халықаралық тәжірибені зерделеу болды. 

Энергетикалық жабдық пен өнеркәсіптік шешімдердің ірі өндірушілерінің бірі – CNPC (Jichai Power Company) компаниясының өкілдерімен өткен келіссөз маңызды кездесулердің бірі болды. Тараптар автономды генерация, өнеркәсіптік энергетика және өндірістік нысандардың энергия тиімділігін арттыру салаларындағы технологияларды, сондай-ақ оларды "Қазақмыс" кәсіпорындарында қолдану мүмкіндігін қарастырды. 

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы

 

Әлемнің әртүрлі елдерінде жобаларын жүзеге асырып отырған халықаралық тау-кен металлургиялық тобы – CNMC (NFC) компаниясымен өзара ынтымақтастық мәселесіне ерекше назар аударылды. Кездесу барысында технологиялық әріптестік мәселесі, тәжірибе алмасу, өндірістік үдерістің тиімділігін арттыру және өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін дамыту мәселелері талқыланды. 

Сапар аясында Қазақмыс делегациясы Daye Smelter (Yangxin Hongsheng Smelter) зауытындағы өндірістік үдерістің ұйымдастырылуымен, автоматтандыру, энергия тиімділігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік салаларындағы шешімдермен, сондай-ақ заманауи өндірістік және табиғатты қорғау технологиялармен танысты. 

Жұмыс сапарының бағдарламасы Қытайдың өнеркәсіптік компанияларымен, жабдық жеткізушілерімен және әлеуетті технологиялық әріптестермен өтетін кездесу сериясымен жалғасады. 

Компанияда мұндай халықаралық сапар Қазақмыстың өнеркәсіптік нысандарын одан әрі жаңғыртуда, өндірістік үдерістің тұрақтылығы мен кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда қолданылуы мүмкін үздік салалық тәжірибе мен заманауи технологиялық шешімдерді зерделеуге мүмкіндік беретіні айтылды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз