USD: 471.5 / 474.1
  • EUR: 540.0 / 545.0
  • RUB: 5.85 / 5.97
Тікелей эфир
Алматы +18C
Все города

"Қазақмыс" геологиялық барлау саласына жасанды интеллект енгізіп жатыр

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Биыл цифрлық технологияны қолдану арқылы 20 геологиялық барлау жобасы жүзеге асырылуда.

Минералдық-шикізат қорын дамыту – "Қазақмыс" тобының стратегиялық басымдықтарының бірі. Осы мақсатта "Kazakhmys Barlau" ЖШС геологиялық барлау жұмысына цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект шешімдерін кезең-кезеңімен енгізіп келеді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі

Биыл цифрлық технологияны қолдану арқылы 20 геологиялық барлау жобасы жүзеге асырылуда. Олардың қатарында геоақпараттық жүйелерді, үшөлшемді модельдеуді және жасанды интеллектті пайдалану көзделген. Бұл геологиялық деректің сапасын арттыруға, кен денелерін болжау дәлдігін жақсартуға және тиімді геологиялық шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Аталған жобалар бойынша жалпы инвестиция порфелі 18,2 млн АҚШ долларын құрайды. 

Қазіргі таңда цифрлық шешімдер геологиялық деректерді жинаудан бастап, кернді зерттеуге, бұрғылау техникасын онлайн бақылауға және цифрлық геологиялық модельдер құруға дейінгі барлық негізгі үдерістерді қамтиды. Бірыңғай цифрлық орта қалыптастырылып, 50 бірлік техникаға онлайн-мониторинг енгізілді, шалғай нысандарда Starlink спутниктік байланысы іске қосылуда. Ал Жезқазғандағы Геологиялық кластерде ANCORELOG және LithoLens жасанды интеллект кешендері қолданылуда. 

Геологиялық барлауды кешенді цифрландыру болжам жасау дәлдігін арттырып, өндірістік шешімдерді жедел қабылдауға, тәуекелдерді азайтуға және минералдық-шикізат қорын тиімді толықтыруға мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау