USD: 482.3 / 484.9
  • EUR: 550.5 / 555.5
  • RUB: 5.97 / 6.09
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Ұлытау облысындағы "Қазақмыс" жобаларымен танысты

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Компания биыл өңірде жалпы құны 30 млрд теңгеден асатын әлеуметтік инфрақұрылымдық жобаларды іске асырып жатыр.

Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековпен бірге "Қазақмыс" тобының өндірістік және әлеуметтік нысандарын аралады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі

Компания жүзеге асырып жатқан инвестициялық бастамалар туралы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі баяндады. 

Жезқазған мыс балқыту зауытында күрделі жөндеу, өндірістік жабдықтарды жаңғырту және өндірісті экологиялық тұрғыдан жаңарту жобалары таныстырылды. Әсіресе, жаңа күкірт қышқылы цехы мен газ-поршеньді электр станциясының құрылысы сияқты стратегиялық инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына ерекше назар аударылды. Бұл жобалар өндірістің экологиялық тиімділігін арттыруға, кәсіпорынның энергетикалық тұрақтылығын нығайтуға және оның технологиялық дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Жезқазған байыту фабрикасына барған кезде премьер-министрдің бірінші орынбасары өндірістік үдерістермен, жүзеге асырылып жатқан жаңғырту бағдарламаларымен және минералдық шикізатты өңдеу тиімділігін арттыру шараларымен танысты. 

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы

Сапар бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі – Кеңгір су қоймасы жағалауын абаттандырудың екінші кезеңі жобасы болды. Жоба "Қазақмыс" тобы мен Ұлытау облысы әкімдігінің бірлескен бастамасы ретінде жүзеге асырылуда. Құрылыс құны шамамен 3,4 млрд теңгені құрайды, ал жұмыстарды 2026 жылдың төртінші тоқсанында аяқтау жоспарланған. 

Руслан Өскенәлі өндірістік қуаттарды жаңғырту, кәсіпорындардың экологиялық тиімділігін арттыру және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту компанияның ұзақ мерзімді стратегиясының өзара сабақтас бағыттары екенін атап өтті. 

"Қазақмыс" тобы Ұлытау облысының дамуына инвестиция салатын ең ірі компаниялардың бірі болып қала береді. 2026 жылы компания өңірде жалпы құны 30 млрд теңгеден асатын әлеуметтік инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда. Олардың қатарында Серке Қожамқұлов атындағы облыстық театрды қайта жаңғырту, "Жастар" саябағын абаттандыру, Кеңгір су қоймасы жағалауын салу, Ұлытау университетін құру, студенттерге арналған жатақхана салу, денсаулық сақтау, спорт және қалалық инфрақұрылым нысандарын дамыту жобалары бар. Бұл бастамалардың барлығы өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған және компанияның ұзақ мерзімді әлеуметтік саясатының маңызды бөлігі болып табылады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз