Тікелей эфир

Қазақконцерт пен Жамбыл филармониясына академиялық мәртебе беріледі

Академиялық мәртебе өнер ордасы қызметкерлерінің жалақысын реттеуге мүмкіндік береді.

Қазақстан үкіметі Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы мен Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымына "академиялық" мәртебе беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды.

"ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына және "Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына "Академиялық" мәртебе берілсін", – делінген қаулы жобасында.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің түсіндірме жазбасына сәйкес, қос өнер ордасы да классикалық музыка өнері саласында жетекші болып табылатын, ұлттық мәдениеті мен өнерін қалыптастыруға, дамытуға және насихаттауға елеулі үлес қосып келе жатқан мекемелер.

Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 16 қазанға дейін.


Оқи отырыңыз: "Қазақконцерт" ұйымына Роза Бағланованың есімі берілді


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары