
Қазақстанда қазақ тіліндегі балалар әдебиетін цифрлық форматта дамыту жұмыстары жолға қойылды. Бұл жоба электрондық кітапхананы құру жұмыстары аясында жүзеге асырылады. Бұл туралы үкімет басшысы Олжас Бектеновтің сенат депутаттарына берген жауабында айтылған.
Қазіргі таңда Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасы Ұлттық академиялық кітапхананың базасында кітаптар мен отандық басылымдарды цифрландыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Ақпараттық жүйеде цифрлық форматқа аударылған отандық басылымдар (сирек кездесетін кітаптар, қолжазбалар мен мерзімді басылымдар) жинақталған. Бұл электронды кітапхана құжаттарды жинау, жүйелеу, каталогтау жұмыстарын жүргізеді, сол арқылы цифрлық мұрағатты қалыптастырады", – делінген премьер-министрдің жауабында.
Олжас Бектеновтің дерегінше, Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасының қорында ертегілер, батырлар жырлары, аңыз әңгімелер, мифтер, көркем әдебиет, энциклопедиялар топтастырлған 1309 балалар әдебиеті қамтылған.