USD: 485.1 / 487.7
  • EUR: 551.0 / 556.0
  • RUB: 6.15 / 6.29
Тікелей эфир
Алматы +17C
Все города

"Қазақ бауырлар қатысады деген үміттеміз". Көкпар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасында қалады

Фото: Ұлттық спорт қауымдастығы
Фото: Ұлттық спорт қауымдастығы
Ұйымдастырушылар ойын кезінде 2024 жылғы жағдай қайталанбайды деп сенім білдірді.

Бішкекте өткен баспасөз конференциясында Дене шынықтыру және спорт бойынша мемлекеттік агенттіктің директоры Казыбек Молдажиев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасында көк бөрі де, көкпар да қалатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, саясат спортқа кедергі болмауы тиіс. 

"Біз этномәдениет пен этноспортты дамытамыз. Сондықтан көкпар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына қосылды. Оған біздің командамыз да қатысады, олар дайындалып жатыр. Біз қазақ бауырлар да келіп, ойынға қатысады деп үміттенеміз", – деді Казыбек Молдажиев. 

Еске салайық, 2024 жылы 2024 жылы Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында кокпар бойынша Қырғызстан және Қазақстан құрамалары арасындағы матч кезінде оқиға орын алды. Қазақстан командасының ойыншысы Қырғызстан құрамасының ойыншысын қамшымен ұрып жібергеннен кейін алаңда жанжал басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін матч уақытша тоқтатылды.

Жарыс қорытындысы бойынша Қырғызстан құрамасы Қазақстан командасына 5:4 есебімен есе жіберді. Ойындар аяқталғаннан кейін Қырғыз Республикасы көк бөрі федерациясының өкілдері мәлімдеме жасап, төрелікпен келіспейтіндіктерін білдіріп, оны әділетсіз деп атады.

Бұл ретте ұйымдастырушылар биылғы ойын адал өтіп, екі елдің мәдени байланыстарын күшейтетініне сенім білдірді. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз