Астанада өңірлік тауар өндірушілердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері жалғасуда.
Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, жәрмеңке әр сенбі және жексенбіде өтеді. Қазан айының соңына дейінгі әрбір демалыс күндері облыстардағы тауар өндірушілер өз өнімдерін ұсынады. Жәрмеңке Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайындағы «Шабыт» өнер университетінің алдындағы алаңда өтеді.
Жәрмеңкелер мына кесте бойынша өтеді:
- 9-10 қыркүйек – Атырау және Жамбыл облыстары;
- 16-17 қыркүйек – Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары;
- 23-24 қыркүйек – Алматы және Жетісу облыстары;
- 30 қыркүйек және 1 қазан – Ақтөбе мен Қостанай облыстары;
- 7-8 қазан – Павлодар және Абай облыстары;
- 14-15 қазан – Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары;
- 21-22 қазан – Қарағанды және Ұлытау облыстары;
- 28-29 қазан – Ақмола облысы;
Оқи отырыңыз: Қазақстанның барлық өңірінде бос жұмыс орны жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеде жаңа піскен көкөністерді, жемістерді және басқа да табиғи өнімдерді тікелей қазақстандық фермерлерден сатып алуға болады.