Алматыдағы коммуналдық ақылы автотұрақтардың жаңа тарифтері 4 қазаннан бастап күшіне енеді, деп хабарлады қала әкімдігі.
Енді тұрақ құны көлік жүктемесі мен аймақтың мақсатына байланысты белгіленеді:
- сағатына 100 теңге – көлік жүктемесі салыстырмалы түрде төмен учаскелер үшін;
- сағатына 150 теңге – автотұрақтарды пайдалану қарқындылығы орташа аймақтар үшін;
- сағатына 200 теңге – орын тапшылығы бар және қозғалыс қарқынды ең сұранысқа ие аймақтар үшін.
Ақылы тұрақтың бағасы ақпараттық тақталарда, Almaty Parking сайтында және арнайы мобильді қосымшада көрсетіледі.
Оқи отырыңыз: Қазан айынан бастап Алматыда сенбі күндері қай ХҚКО-лар жұмыс істейді
Бұл ретте оператор қолданыстағы жеңілдіктерді қалдырады. Ақылы тұрақ аймағында орналасқан үйлердің иелері бір автокөлікке тегін тұрақ орнын рәсімдеу үшін арнайы рұқсат ала алады. Сондай-ақ бірнеше санаттағы азаматтар үшін де жеңілдіктер қарастырылған.
Бұған дейін Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Ержан Диханбаев бұрынғы сағатына 100 теңгелік тарифтің 2016 жылдан бері өзгермегенін айтқан болатын.