Қазан айынан бастап Алматыда сенбі күндері қай ХҚКО-лар жұмыс істейді

Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Жұмыс күндері кезекші бөлімшелер сағат 20:00-ге дейін ашық болады.

Казан айынан бастап Алматыда кезекші кесте бойынша екі халыққа қызмет көрсету орталығы мен екі мамандандырылған ХҚКО жұмыс істейді, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қалалық филиалы.

Мына ХҚКО-лар кезекші болып белгіленді:

  • Алатау ауданы – Нұркент шағынауданы, 5/17 үй;
  • Наурызбай ауданы – Шұғыла шағынауданы, 347/1 үй.

Олар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күні 13:00-ге дейін қабылдайды.


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтардың қарызы табысынан екі есеге артты


Кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар мына мекенжайлар бойынша жұмыс істейді:

  • Аққайнар көшесі, 1;
  • Ақсуат көшесі, 118.

Бұл орталықтар жұмыс күндері түскі үзіліссіз сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Өтініштер сағат 18:00-ге дейін қабылданады, ал дайын құжаттар 20:00-ге дейін беріледі. Сенбі күндері құжаттарды сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін тапсыруға, ал дайындарын 13:00-ге дейін алуға болады.

Алматыдағы қалған ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар тек жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі олар үшін демалыс күні болып қалады.

Кейбір мемлекеттік қызметтерді "ЦОН" қосымшасы, электрондық үкімет порталы және екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы онлайн түрде де алуға болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау