Қатты желден Жамбыл облысында газ құбыры құлап, тұрғындар газдан ажыратылды

Желдің жылдамдығы 18-20 м/с, екпіні 43,5 м/с дейін жетті.

17 шілде күні сағат 18.00-ден бастап Жамбыл облысының Қордай ауданында дауылды жел басталды. Қатты жел салдарынан электр бағаналары құлап, газ құбырына зақым келді. 

"Беріктас ауылында қатты желдің салдарынан көше бойындағы ағаштар құлап, 3 электр бағанасы газ құбырын зақымдады. Сағат 18.15-те Беріктас ауылында 1 ШРП уақытша газ беруді тоқтатып, нәтижесінде 50 шақты үй газсыз қалды. Ал сағат 19.00-де Беріктас ауылында қауіпсіздік мақсатында барлық 219 абонент газдан өшірілді. Сондай-ақ, Беріктас ауылы, Бейбітшілік көшесінде мал қораның шатыры желден ұшып, тұрғын үйдің шатырына құлады. Мал қораның шатыры 280 шаршы метрді құрайды. Ауданда шұғыл жұмысшы топ құрылып, оқиға орнында құзырлы органдар жұмыс істеуде", – делінген Қордай ауданы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпартта.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау