USD: 485.1 / 487.7
  • EUR: 551.5 / 556.5
  • RUB: 6.07 / 6.21
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэладағы жойқын жер сілкінісіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Фото: Риа Новости
Фото: Риа Новости
Венесуэланың бірнеше өңірінде төтенше жағдай режимі жарияланған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісі салдарынан адам шығынына байланысты елдің уақытша президенті міндетін атқарушы Делси Родригесге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент жеделхатында қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ Венесуэла халқына қайғыра көңіл айтты.

"Осындай ауыр кезеңде қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Венесуэла халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келіп, болаттай берік болуын, ал жарақат алған азаматтардың тез арада сауығып, отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін", – делінген жеделхатта.

24 маусым күні кешке Венесуэла жағалауында, Каракас қаласынан шамамен 160 шақырым жерде магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі қуатты жер сілкінісі тіркелді.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, табиғи апат салдарынан кемінде 164 адам қаза тауып, мыңға жуық адам жарақат алған. Зілзала салдарынан көптеген ғимараттар мен инфрақұрылым нысандары қирап, елдің бірнеше өңірінде төтенше жағдай режимі енгізілді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз