Мемлекеттік рәміздер күні 1992 жылдан бері тойланып келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды.
Барша отандасымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы!
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) June 4, 2023
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы" Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
lw-3094948329-1
USD:
509.1 / 514.1
EUR:
595.0 / 601.0
RUB:
6.37 / 6.49