Тікелей эфир

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан – Батыс пен Шығысты жалғайтын көпір

The National Interest басылымында Қазақстан президентінің мақаласы жарық көрді.

Әлемдік және дістүрлі діндер лидерлерінің съезі қарсаңында жазылған мақаласында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі геосаяси ахуалға қатысты пікір айтты. Оның жазуынша, әлем елдері қай уақытта да "қабырғалар емес, көпірлер салуы" қажет. 

"Мені діни келіспеушіліктер гармонияға кедергі емес деген сеніммен тәрбиеледі. Алматыда өскен мұсылман баласы ретінде мен түрлі үйде, сондай-ақ әртүрлі дінді ұстанатын отбасылар мен достардың ортасында өстім. Менің өмірлік тәжірибем ерекше болды деуге келмейді. Дегенмен, бұл – біздің мәдениетіміз еді және қазір де солай. Бәлкім, бұл біз Еуразияның жүрегінде орналасқандықтан көпір болғандыұтан осылай шығар. Бала кезімізде біз мұны қалыпты жағдай деп қабылдадық. Ал есейе келе, біз оның маңыздылығын түсініп, бағалай бастадық", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев. 


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Қазақстан – барлық әлемдік діндердің киелі орындары көрініс тапқан карта іспетті


Президент бұл толеранттылық мәдениетін насихаттайтын жаһандық басқосуға табиғи қадам болғанын атап өтті.

"Біздің елімізде 17 негізгі дін мен 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Біздің ұлттық болмысымыз әртүрлілік, диалог, төзімділік, қабылдау және жанашырлыққа негізделген. Сондықтан соңғы жылдары біз Иранның ядролық бағдарламасы, Сириядағы қақтығыс және Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы халықаралық келіссөздер жүргіздік. Әрине, біз діни толеранттылыққа немесе диалогты, ара ағайындық пен дипломатияны дамытуға талпынатын жалғыз ел емеспіз. Бірақ осы ұстанымдағы елдер саны көп болуы керек. Біз өз тәжірибеміз бен жауапкершілігімізді де ұғына отырып, бейбітшілік үшін қажет уақытта және қажет жерде көпірлер салуға және диалог алаңдарын ұсынуға дайынбыз", – деп жазды мемлекет басшысы.

Серіктестер жаңалықтары