Тікелей эфир

Тоқаев: Қазақстан – барлық әлемдік діндердің киелі орындары көрініс тапқан карта іспетті

Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі өтіп жатыр.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің жалпы отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік дін көшбасшыларына шақыртуды қабыл алып, Қазақстанға келгені үшін алғыс білдірді. Бұл формуды өткізуге Қазақстанның бастамашы болуына бірқатар себеп те бар екенін атап өтті.

"Бұл форумды өткізуге Қазақстанның бастамашылық етуі бекер емес. Себебі ғасырлар бойы қазақ жері Батыс пен Шығыстың арасындағы көпір болып келеді. Ұлы дала төрінде небір алып империя өмір сүрген. Діни ұстамдылық олардың бәріне ортақ сипат", – деді президент.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің жалпы отырысы. Фото: Informburo.kz

Мемлекет басшысы оған Қойлық қаласынан табылған діни ғибадатханалардың орнын мысалға келтірді.

"Мысалы, еліміздің Алматы облысындағы Қойлық деген ортағасырлық қаланың орнына қазба жұмыстары жүргізілді. 12-14 ғасырларда осы қалада ислам, христиан және буддизм дінінің ғибадатханалары қатар тұрғаны анықталды. Шын мәнінде Қазақстан барлық әлемдік діндердің киелі орындары көрініс тапқан карта іспетті", – деді президент.

Серіктестер жаңалықтары