Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-та Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Жұмыс сапары 18-19 ақпанға жоспарланған.

Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі

"18-19 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін Вашингтонға жұмыс сапарымен барады. Саммит барысында Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесіне баса мән беріледі. Атап айтқанда, бейбітшілік орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек жеткізу бойынша нақты шаралар әзірлеуге ден қойылады", – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз