Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Фото: Ақорданың ресми сайты
Фото: Ақорданың ресми сайты
Қол қою рәсіміне 19 елдің басшылары мен өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі

Қол қою рәсіміне Қазақстан Президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты.  

"Қасым-Жомарт Тоқаев Давос форумында таратылған «Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» деп аталатын ресми құжаттың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылғаны жетістік ретінде көрсетілгеніне назар аударды. Бұдан бөлек, Президент Америка көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатты жүзеге асыруда табыс тіледі", – деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай

Серіктестер жаңалықтары