Тікелей эфир

Жұмыс берушілердің 23 пайызы қаңтар оқиғасы қызметкерлерінің жұмыс қабілетіне теріс әсер еткенін айтты

Ал 46 пайызы аса әсер етпеді десе, қалған 31 пайызы ешқандай өзгеріс байқамағанын айтқан.

356 қазақстандық жұмыс беруші қаңтар айындағы бизнестің жай-күйі туралы сауалнамаға қатысты. Олардың 42%-ы Алматы, 26%-ы Нұр-Сұлтан қаласынан, деп хабарлайды HeadHunter компаниясының баспасөз қызметі. 

Кәсіпкерлердің мәліметінше, Қазақстанның бірнеше қаласында орта және шағын бизнес жұмысы толықтай тоқтап, бұл өз кезегінде табыстың айтарлықтай азаюына алып келді.  

"Жұмыс берушілердің 23%-ы қаңтар оқиғасының қызметкерлердің жұмыс істеу қабілетіне әсер еткенін айтты. Ал 46%-ы аса әсер етпеді десе, қалған 31%-ы ешқандай өзгеріс байқамағанын айтады", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Кінәлілерді жауапқа тарту тек заң аясында жүзеге асырылады


Жұмыс берушілердің 73%-ы қиын сәтте ұжымға қолдау білдіре алғанын бөлісті. Олардың 27%-ы ұжымдық психолог көмегіне жүгінген. Сондай-ақ, жұмыс берушілердің 56%-ы қызметкерлерінің жалақысынан жұмыс болмаған күндердің ақысын алмаса, 32%-ы жартылай төлем жасаған. 

"Ұжымның позитив көңіл-күйде болуы маңызды. Бірақ қауіпсіздік қашан да бірінші орында тұрады. Осы орайда, компаниялардың 45%-ы қызметкерлеріне 100% үйден жұмыс істеуге рұқсат берді. Мұнымен қатар, компаниялардың 32%-ы жұмысты 50% кеңседе, 50% үйден істеуге рұқсат етті", – делінген сауалнамада.

Жұмыс берушілердің 24%-ының орташа есеппен жұмыс күнін 1-1,5 сағатқа қысқартқаны белгілі болды. Бұл қызметкерлер қараңғы түспей үйіне жетіп алу үшін жасалған.

Еске салсақ, Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы ломбардтарының 3 млрд теңгеге жуық шығынға батқаны туралы хабарлаған едік. Ал 2021 жылы Қазақстандағы әрбір алтыншы ломбард шығынмен жұмыс істеді.

Серіктестер жаңалықтары