USD: 464.7 / 467.3
  • EUR: 533.5 / 538.5
  • RUB: 5.33 / 5.45
Толығырақ
Тікелей эфир
Алматы +33C
Все города

Қарулы қақтығыстарға қатысушы елдер "Евровидениені" қабылдай алмайды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Жаңа ереже 2027 жылдан бастап күшіне енеді.

Еуропалық хабар тарату одағы (EBU) "Евровидение" байқауының ережелеріне өзгеріс енгізді. Жаңа талапқа сәйкес, байқауда жеңіске жеткен елдің қауіпсіздігіне немесе оған тікелей іргелес өңірге қарулы қақтығыс не күрделі геосаяси жағдай елеулі әсер етсе, бұл мемлекет келесі байқауды өткізе алмайды.

Жаңа ереже 2027 жылдан бастап күшіне енеді. Бұл талап іс жүзінде бұған дейін де қолданылған. Мәселен, 2022 жылы "Евровидениені" Украина жеңгенімен, елдегі соғыс жағдайына байланысты келесі байқау Ұлыбританияда өтті.

EBU байқауға қатысушылардың вокалды жанды дауыста орындауына қатысты талаптарды да нақтылады. Фонограммалар мен алдын ала жазылған дыбыстық элементтерді пайдалануға рұқсат етіледі, алайда негізгі вокалдағы басты әуенді орындау толықтай жанды дауыста орындалуы тиіс.

Сонымен қатар байқауға қатысатын барлық өнерпаз алғашқы репетиция өтетін күнге дейін 18 жасқа толуы керек. Бұған дейін ең төменгі жас шегі 16 жас болған.

Жаңа ережелер алғаш рет 2027 жылғы байқауда қолданылады. Келесі "Евровидение" байқауын Болгария қабылдайды. Елге 2026 жылғы байқауда жеңісті Dara есімді әнші Bangaranga әнімен алып келді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау