USD: 470.9 / 473.7
  • EUR: 548.0 / 553.0
  • RUB: 6.35 / 6.47
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Алматыда мектеп түлектері заңсыз кортеж ұйымдастырды: ата-аналар жауапқа тартылды

Видео скрині
Видео скрині
Алматыда 21 түлектің ата-анасына хаттама толтырылды.

Алматыда соңғы қоңырау салтанаты қарсаңында мектеп түлектері ұйымдастырған автокортеж тоқтатылды. Бұл туралы қала полициясы хабарлады.

Мәлімет бойынша, алдын ала жасалған ескертулерге қарамастан, қала мектептерінің бірінің түлектері бірнеше көлікпен автокортеж ұйымдастырып, жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзған.

Оқиғаға байланысты полиция қызметкерлері шара қолданып, 21 кәмелетке толмаған қатысушының ата-анасын бала тәрбиесіндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар көлік құралдарын пайдалану талаптарын бұзғаны үшін бес әкімшілік хаттама толтырылған. Заң бұзушылыққа қатысы бар көліктер айып тұрағына қойылды.

Алматы қаласының полиция департаменті өкілдері қала тұрғындарына алдын ала ескерту жасалғанын, алайда кей азаматтардың заң талаптарын елемегенін мәлімдеді.

"Алматы полициясы автокортеждерге жол бермеу туралы алдын ала ескертулер берген болатын. Соған қарамастан кейбір азаматтар заңды ескермеді. Полиция әрбір осындай оқиғаны мұқият тексереді", – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласының полиция департаменті мектеп түлектерін соңғы қоңырау кезінде автокортеж ұйымдастырудан бас тартуға шақырған еді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз