Қарағандыда CVK қаржы пирамидасының бөлімшесін ұйымдастырған азамат сотталды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қатысушылардан 49 мың долларға дейін ақша салу талап етілген.

Қарағанды облысында CVK қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырған С.Ш. Қайырбаевтың мүлкі тәркіленіп, өзі екі жылға сотталды, деп хабарлайды ҚМА.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, жобаға қатысушылар USDT криптовалютасымен 120-дан 49 мың АҚШ долларына дейінгі виртуалды дүкендерді сатып алуы керек болған.

"Оларға күн сайын табыс түсетіні, сондай-ақ жаңа салымшылар тартқаны үшін қосымша бонустар берілетіні уәде етілген. Алайда виртуалды дүкендерде сатылды деген тауарлар шын мәнінде болмаған. Қатысушылардың табыс табуы жаңа салымшыларды тартып, олардың ақша салуына тәуелді болған", – делінген хабарламада.

Агенттік мәліметінше, салымшылардың қаражаты USDT криптовалютасымен OKX платформасы арқылы электронды әмияндарға аударылған. Жедел іс-шаралар нәтижесінде 474 мың USDT көлеміндегі криптоактив бұғатталған. Оның құны шамамен 212 млн теңгеге тең.

Сот үкімімен аталған цифрлық активтер мемлекет кірісіне тәркіленді. С.Ш. Қайырбаев екі жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау