Қарағандыда әйелдердің киімін киіп, TikTok-та бейәдеп әрекет жасаған ер адам қамауға алынды

Видео скрині
Видео скрині
56 жастағы TikTok стримері 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қарағанды облысында полиция TikTok әлеуметтік желісіндегі 56 жастағы стримердің жарияланымдарына қатысты шара қабылдады. Қарағанды қаласының тұрғыны Еркен Жантыкпаевтың әлеуметтік желідегі белсенділігі полиция назарына іліккен.

Полицияның мәліметінше, интернет кеңістігін мониторингтеу барысында ер адамның TikTok-та құқыққа қайшы мазмұндағы бейнематериалдар жариялағаны анықталған.

"Аталған дерек бойынша тиісті шаралар қабылданып, іс сотқа жолданған. Сот қаулысымен азаматқа 10 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалып, ресми ескерту жасалған", – делінген хабарламада.

Полиция оның әрекеті заң талаптары мен қоғамдық тәртіпке қайшы келетінін атап өтті.

"Қазір Еркен Жантыкпаев әлеуметтік желілердегі аккаунттарын жойған. Сонымен қатар оның әрекетіне қатысты бақылау жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары ескерту талаптары қайта бұзылған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес неғұрлым қатаң жауапкершілік қарастырылуы мүмкін екенін ескертті", – делінген хабарламада.

Полиция азаматтарды әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпке қайшы және құқыққа сыйымсыз контент таратпауға шақырды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау