Тікелей эфир

Қарағанды облысындағы жолды су басты

Қазіргі таңда жолды шайып кету қаупі мен қозғалыс шектеулері жоқ.

ҚазАвтоЖол Қарағанды облысындағы су тасқыны туралы ақпарат таратты. 

"25 наурызда сағат 17.00 шамасында ауа райының тез жылынуы мен қардың еру салдарынан "Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз" автожолының 23+800 шақырымында су тасқыны орын алды (жақын елді мекен Көкпекті ауылы, Бұхар Жырау ауданы, Қарағанды облысы). Жол ІІІ санатқа жатады, су тасқынның ұзындығы 30 метрді, биіктігі 5 см құрады. Аталған учаскеде диаметрі 1 м болатын су өткізгіш құбыр орналасқан", – деп жазды ҚазАвтоЖол баспасөз қызметі.

"ҚАЖсервис" ЖШС ҚӨФ ДЭУ-46 мамандары уақытша жол белгілері мен сигналдық тіректерді орнату бойынша жұмыстарды атқарды. Аталмыш шараға 2 техника мен жеке құрамның 5 адамы жұмылдырылды.

Жолдарды су басу қаупі бар жоғары аумақтарда тәулік бойы бақылау және тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жолды шайып кету қаупі мен қозғалыс шектеулері жоқ.

ҚазАвтоЖол мәліметінше, 26 наурыз сағат 07.50-дегі ахуалға сәйкес республикалық маңызы бар автожолдардың барлығы ашық, қозғалысқa шектеу жоқ. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
1

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары