Қарағанды облысындағы мектептерде жарамдылық мерзімі 7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрі-дәрмектер сақталған

2022 жылдан бастап Қарағанды қаласының мектептерінде 3 мыңға жуық оқушыға медициналық қызмет көрсетілмегені анықталды.

Прокурорлық тексеру барысында медициналық қызмет көрсетпеу, сонымен қатар жарамдылық мерізімі өткен дәрілік заттарды сақтау фактілері анықталды. Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратурасы хабарлады.

"Мектептердің бірінің медициналық кабинетінде аллергиялық және шок реакциясының ауыр түрлерінде шұғыл емдеудің бір бөлігі ретінде қолданылатын, жарамдылық мерзімі өткен, «Преднизолон» ампулалары сақталған. Облыстың басқа мектептерінде жарамдылық мерзімі 5-7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілік препараттар табылды", – деп жазылған хабарламада.

Қадағалау шараларымен мерзімі өткен дәрі-дәрмектер жойылды, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылып, 7000 баланың құқықтары қорғалды.


Оқи отырыңыз: Павлодарда екі балаға мерзімі өтіп кеткен вакцина салынған


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз