Қарағанды облысында жылқылар қырылып жатыр. Ауылдар карантинге жабылуы мүмкін

Тиісті сынамалар алынып, зертханаға жіберілді.

Қарағанды облысының Бұқаржырау ауданында мал тұяғынан бастап бүкіл денесіне тараған ірің жарадан қырылып жатыр. Бұл туралы "Қарағанды облысының ветеринария басқармасы" ММ басшысы Қайырбек Тұрсынбеков мәлімдеді. 

"Төрткөл ауылында жылқылардың қырылып жатқанын білеміз. Эпизоотиялық лимфангитке тән белгілері бар үш жылқыдан сынама алынып, зерттеуге жіберілді. Бұл ауру көбінесе жылқы мен есекке тән", – деді Қайырбек Тұрсынбеков. 

Осы орайда ол қазақстандықтардан жылқы еті мен қымыз сатып алғанда сақ болуға шақырды. Осы орайда сатушылардан малдың сау екендігі туралы анықтама сұрауды ұсынды. 


Оқи отырыңыз: Тоқаев ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржыны екі есе арттыруды тапсырды


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
1

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары