Тікелей эфир

Қарағанды облысында цементсіз салынған үйлер құрылысы тоқтады

Қазіргі таңда тексеріс жүріп жатыр.

Қарағанды облысының Жаңарқа ауданында цементсіз салынып жатқан тұрғын үйлер құрылысы тоқтады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Үш қабатты 17 тұрғын үйдің құрылысы "Нұрлы жер" бағдарламасымен жүзеге асырылған. Құрылысқа жауапты "Агропромремстрой" компаниясына жарты миллиард теңге бөлінген. Ал бұл құрылысты техникалық тұрғыда қадағалауы тиіс компания он миллион теңгеге жуық қаржы алған.

"Шу әлеуметтік желіге шығып кеткеннен кейін бе әлде шынымен олқылықты байқады ма, әйтеуір жергілікті әкімдік пен прокуратура қызметкерлері қазір құрылысты толық тоқтатты" делінген арна хабарламасында.

"Мемлекеттік құрылыс инспекторлар Жаңарқа кентінде жүр. Бүкіл құрылыс жұмыстары сол обьектіде тоқтатылды. Қазіргі таңда тексеріс жүріп жатыр. Қорытынды шыққан уақытта сіздерге қосымша айтатын боламыз", – деді Қарағанды облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Қайрат Қамзин.


Оқи отырыңыз: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан қалай пәтер алуға болады? Маңызды 13 сұраққа жауап


 

Серіктестер жаңалықтары