Қазақстанда жақында ақылы режимге көшкен үш автожол учаскесімен бір ай ішінде 528 мыңнан астам көлік жүрген. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы мәлімдеді.
Компанияның мәліметінше, ең жоғары көлік ағыны "Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал" автожолында тіркелген.
Бір ай ішінде үш ақылы учаскедегі қозғалыс көлемі:
- Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал – 290 мың көлік;
- Талдықорған – Өскемен – 181 мың көлік;
- Бұрылбайтал – Күрті – 58 мың көлік.
Осылайша, Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал бағыты жалпы көрсеткіштің шамамен 55 пайызын құраған.
Еске салайық, "Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал" және "Бұрылбайтал – Күрті" жол учаскелерінде ақылы жүйе 10 шілдеден, ал "Талдықорған – Өскемен" бағытында 11 шілдеден бастап жұмыс істей бастады.
"ҚазАвтоЖолдың" мәліметінше, үш жаңа ақылы жолдың ішінде ең жоғары жүктеме Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал тас жолына түскен.