"Жолаушылар тасымалы" АҚ "Қарағанды – Балқаш" бағытында жаңа жолаушылар пойызын іске қосады.
Темір жол компаниясының мәліметінше, бағыттың жалпы ұзындығы 472 шақырымды құрайды. Пойыз күнара, тақ күндері қатынайды және жол бойында 19 аялдама жасайды.
Қозғалыс кестесіне сәйкес, пойыз Қарағанды станциясынан сағат 06:00-де шығып, Балқашқа 12:48-де жетеді. Ал Балқаш станциясынан 13:45-те аттанып, Қарағандыға 20:53-те келеді.
"Бағыт Қарағанөзек, Қарабас, Құлайғыр, Қарамұрын, Дария, Жарық, Нілді, Айса, Ақадыр, Босаға, Мойынты, Бүйрек және Сарықұм станциялары арқылы өтеді. Пойыз құрамында 6 вагон бар: оның екеуі купе, төртеуі плацкарт вагоны. Жалпы сыйымдылығы шамамен 300 орын", – делінген хабарламада.
Билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz ресми сайтынан және темір жол кассаларынан сатып алуға болады.