Жолаушылар тасымалы 2026 жылғы жазғы маусымда шамамен 4,2 млн жолаушы тасымалдауды жоспарлап отыр. Оның ішінде 230 мыңға жуық жолаушының Алакөл курорттық аймағына қатынауы күтіледі, деп хабарлайды ҚТЖ.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, маусымдық сұраныстың артуына байланысты Қазақстан темір жолы жазғы кезеңде 15 қосымша теміржол бағытын іске қосады. Алакөл бағытына пойыздар Астана, Алматы, Семей, Өскемен, Қызылорда және Павлодар қалаларынан қатынайды.
Қосымша пойыздар мен тіркеме вагондар келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
– №54/53 "Нұрлы жол – Достық";
– №253/254 "Нұрлы жол – Достық";
– №207/208 "Алматы – Достық";
– №211/212 "Алматы – Достық";
– №221/222 "Алматы – Достық";
– №457/458 "Семей – Достық";
– №459/460 "Өскемен – Достық";
– "Қызылорда – Достық" тіркеме вагондары;
– "Алматы – Достық" тіркеме вагондары;
– "Павлодар – Достық" тіркеме вагондары;
– №201/202 "Алматы – Нұрлы жол";
– №203/204 "Нұрлы жол – Шымкент";
– №205/206 "Ақтөбе – Нұрлы жол";
– №219/220 "Қарағанды – Балқаш";
– №231/232 "Алматы-2 – Семей".
"Жазғы маусымда жолаушылар тасымалына сұраныс жыл сайын артады. Әсіресе курорттық аймақтар мен ірі қалаларға қатынайтын бағыттарға қызығушылық жоғары. Осы кезеңде жолаушыларға қызмет көрсету үшін 2 мыңнан астам вагон пайдаланылады", – деді Дияр Нүсіпқожанов.
Оның айтуынша, вагондардың 86%-ы кондиционер жүйесімен жабдықталған. Барлық жылжымалы құрам жазғы маусымға алдын ала дайындалып, техникалық тексеруден және санитариялық өңдеуден өткен. Сондай-ақ жолаушылар үшін фильм көруге және музыка тыңдауға мүмкіндік беретін мультимедиялық ойын-сауық порталы қолжетімді болады.