Қар, жел, көктайғақ: 8 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Кей өңірлерде қыстың қаһары қатты сезіледі.

Еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы орнағанымен, кей өңірлерде қыстың қаһары қатты сезіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет".

2026 жылғы 8 қаңтарда, бейсенбі күні республиканың үлкен бөлігінде тымық ауа райы күтілуде. Антициклонның ықпалымен аспан ашық болып, айтарлықтай жауын-шашын болмайды деп болжануда. Алайда, бұл суықтың беті қайтты дегенді білдірмейді.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кейбір аймақтарда ауа райы күрт өзгереді. Еліміздің солтүстік-батыс және шығыс өңірлерінде қар жауып, жаяу боран соғады деп күтіліп жатыр.

Батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда жолдарда көктайғақ болуы ықтимал.

Республиканың басым бөлігінде, әсіресе түнде және таңертең қалың тұман түсуі мүмкін.

Желдің күшеюі мен көріну деңгейінің төмендеуіне байланысты жолға шығатын жүргізушілерге сақ болу ұсынылады. Әсіресе көктайғақ болжанып отырған өңірлерде арақашықтықты сақтап, жылдамдықты асырмау маңызды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз