Қар, жаңбыр, боран: 6 ақпанда Қазақстан аумағында қолайсыз метеожағдай күтіледі

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады.

Қазақстанның басым бөлігінде 6 ақпан, жұма күні ауа райы күрт нашарлайды. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, ел аумағында қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын жауып, жел күшейеді. Бірқатар өңірде бұрқасын соғып, жолдарда көктайғақ болады. Республика бойынша тұман түсіп, көріну қашықтығы төмендеуі мүмкін.

Түнгі уақытта Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қатты аяз күтіледі. Ал елдің оңтүстік-батысында, Жамбыл облысының таулы аймақтарында, Түркістан облысының тау асуларында, Абай облысының орталығында және Жетісу облысындағы Алакөл маңында жел екпіні секундына 30 метрден асып, қауіпті деңгейге жетуі ықтимал.

Белсенді оңтүстік циклон мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және оңтүстігінде ауа райы тұрақсыз болады. Бұл өңірлерде қалың жауын-шашын түсіп, кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады.

Болжамға сәйкес, тек елдің батысы мен оңтүстік-батысында ғана антициклон сілемінің ықпалымен жауын-шашынсыз, салыстырмалы түрде тыныш ауа райы сақталады.

Мамандар тұрғындарды жолға шыққанда барынша сақ болуға, алыс сапарларды кейінге қалдыруға және ауа райының қолайсыздығын ескеруге шақырды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз