Қар, тұман, көктайғақ: Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Бірқатар облыста көктайғақ пен бұрқасын болады.

26 ақпанда Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" синоптиктері хабарлады.

Мамандардың мәліметінше, ел аумағында қар, жаңбыр, көктайғақ, тұман және екпінді жел күтіледі. Кей өңірлерде желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейіп, кей тұста 23–29 м/с-қа жетуі мүмкін.

Жетісу облысының шығысы мен орталығында, таулы аудандарда қалың қар жауып, көктайғақ болады. Талдықорғанда тұман күтіледі. Қызылорда облысында қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын, бұрқасын және 28 м/с-қа дейін жететін жел болжанып жатыр.

Шығыс Қазақстан облысында түнде ауа температурасы 40 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Қарағанды мен Ұлытау облыстарында қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады.

Түркістан облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, кей аудандарда найзағай ойнайды. Желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Алматы және Жамбыл облыстарында да қалың қар, мұзды жаңбыр, көктайғақ және қатты жел күтіледі.

Синоптиктер тұрғындарды сақ болуға, жолда және ашық аумақта қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз