Қар, боран және көктайғақ. Алдағы күндерге ауа райы болжамы

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
18 желтоқсанда қарлы жауын-шашынның күшеюі күтіледі.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде кең циклонның ықпалы сақталады. Осыған байланысты елдің көптеген өңірінде қар жауып, боран соғады. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түсіп, көктайғақ болады. Таулы өңірлерде боран күшейеді.

Республиканың көп бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.

Өңірлер бойынша ауа температурасы:

  • Батыс өңірлерде түнгі ауа температурасы -3…-18°С-тан -0…-5°С-қа дейін көтеріледі. Күндіз ауа температурасының негізгі көрсеткіші -5°С…+3°С шамасында болады;
  • Солтүстік-батыс аймақтарда түнде -7…-23°С-тан -0…-15°С-қа дейін, күндіз -3…-15°С-тан -0…-5°С-қа дейін өзгереді;
  • Солтүстік және орталық өңірлерде түнгі температура -15…-23°С-тан -5…-15°С-қа дейін, күндіз -10…-18°С-тан -3…-8°С-қа дейін жоғарылайды;
  • Шығыс өңірлерде түнде -12…-28°С-тан -7…-20°С-қа дейін, ал күндіз -7…-18°С-тан -5…-15°С-қа дейін болады;
  • Оңтүстік өңірлерде түнгі ауа температурасы -3…-20°С-тан -3…-12°С-қа дейін, күндіз негізгі фон -0…-8°С шамасында сақталады;
  • Оңтүстік-шығыс аймақтарда түнгі және күндізгі температура 0…-5°С аралығында, таулы жерлерде -8…-13°С болады.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында жол апаты болды: 10 адам зардап шекті, оның алтауы – балалар


Метеорологтар қолайсыз ауа райына байланысты жолда жүргенде абай болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары