Қар, боран, көктайғақ: 10 ақпанда Қазақстанның 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Бірқатар өңірде жел 28 м/с-қа дейін күшейеді.

"Қазгидромет" 10 ақпанда Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің бірқатар аймағында қар, аралас жауын-шашын, бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі. Кей өңірлерде желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейіп, жекелеген аумақтарда 23–28 м/с-қа жетуі мүмкін.

Атырау облысында қар жауып, бұрқасын соғады. Түнгі және таңғы уақытта тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан және батыстан соғып, екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді. Жетісу облысының солтүстігі мен таулы аудандарында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ қалыптасуы ықтимал.

Түркістан облысының оңтүстігі мен батысында, сондай-ақ таулы өңірлерінде қатты жауын-шашын болжанады. Шымкент пен Түркістан қалаларында түнде және таңертең нөсер жауын жауып, желдің екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді.

Маңғыстау облысында қар, көктайғақ және жаяу бұрқасын күтіледі. Ақтау қаласында да желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.

Астанада аралас жауын-шашын, көктайғақ және күндіз жаяу бұрқасын болжанады. Желдің екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23 м/с-қа дейін күшейеді.

Ұлытау, Қарағанды және Ақмола облыстарында жауын-шашынмен қатар бұрқасын, тұман және көктайғақ сақталады. Жекелеген аумақтарда желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Жезқазған, Қарағанды және Көкшетау қалаларында жол жағдайы күрделенуі ықтимал.

Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Абай облыстарында аралас жауын-шашын, тұман, көктайғақ және бұрқасын күтіледі. Тараз, Қызылорда, Петропавл және Семей қалаларында жел күшейіп, көру қашықтығы төмендеуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында да қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын, бұрқасын және көктайғақ болжанады. Өскемен мен Павлодарда желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.

Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Кей жерлерде тұман түсіп, Орал қаласында түнде қарлы боран ықтимал.

Алматы облысының бірқатар ауданында тұман күтіліп, желдің екпіні 17–22 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы қаласында түнгі және таңғы уақытта тұман түссе, Қонаев қаласында желдің күшеюі болжанып отыр.

Метеорологтар жол қозғалысына қатысушыларды сақ болуға, алыс сапарды шектеуге және ауа райы күрт өзгерген жағдайда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз