Қаңтарда Қазақстанда 13 228 көлік құрастырылды

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендті зауыты
Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендті зауыты
37 пайыздық өсімге Алматыдағы AMMKZ зауытының іске қосылуы негізгі себеп болды.

2026 жылғы қаңтарда Қазақстанда 13 228 жаңа көлік құрастырылса, олардың жалпы құны 170 млрд теңгеге тең. 2025 жылғы қаңтармен салыстырғанда бұл көрсеткіш 37,3 пайызға артты.

Атап айтқанда, биылғы қаңтарда 12 313 жеңіл автомобиль, 395 жүк көлігі, 244 автобус, 263 тіркеме мен жартылай тіркеме, сондай-ақ 13 бірлік арнайы және мамандандырылған техника шығарылды.

"2026 жылдың басы қазақстандық автоөнеркәсіптің тұрақты даму қарқынын көрсетеді. Бұл – саланың жүйелі жұмысының және мемлекеттік органдар тарапынан көрсетілген жан-жақты қолдаудың нәтижесі. Елде қалыптасқан қолайлы инвестициялық ахуал жаңа өндіріс орындарының ашылуы мен тұрақты дамуына берік негіз болды. Басты мақсатымыз – технологиялық операцияларды одан әрі тереңдету және автокомпоненттер өндірісін ел ішінде дамыту", – деді ҚАО президенті Анар Мақашева. 

Қазақстанның автокөлік одағының сарапшылары рекордтық өсімге Алматыда Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытының ашылып, іске қосылғанын негізгі себеп ретінде атап отыр. Бірнеше көлік маркасын қатар шығаратын бұл мультибрендті зауыт бір айда Haval, Chery және Changan маркаларының 4 750 автомобилін шығарған. Ал Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорны 3 358 автомобиль өндірді. Қостанайдағы Allur ("СарыарқаАвтоПром") зауыты 3 132 техника, ал Kia Qazaqstan зауыты 1 111 автомобиль шығарды. 

2026 жылғы қаңтар қорытындысы бойынша ең танымал бес бренд: Hyundai (3 349), Chevrolet (1 848), Haval (1 838), Chery (1 520), Changan (1 280). Модельдер бойынша: Chevrolet Cobalt (1 789), Hyundai Tucson (1 254), Hyundai Santa Fe (796), Changan CS55 Plus (783), Haval M6 (677).

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз