Қаңтарда өткен ҰБТ-да қанша үміткер 130-дан жоғары балл жинады

Үздік нәтижеге бар болғаны 72 адам қол жеткізген.

Ұлттық тестілеу орталығы қаңтарда өткен ұлттық бірыңғай тестілеу сынағында үміткерлердің қаншасы қандай балл жинағанына талдау жасады. 

130-139 балл аралығындағы ең жоғары көрсеткішке тек 72 адам ғана ие болған. Ал 110-129 балл аралығындағы нәтижеге тек 3,8 мың адам қол жеткізген. 

Ал бұдан төмен көрсеткіштерге қол жеткізгендердің үлесінде аса үлкен айырмашылық жоқ:

  • 90-109 балл: 16 мың адам;
  • 76-89 балл: 20,9 мың адам;
  • 70-75 балл: 11,9 мың адам;
  • 60-69 балл: 22,4 мың адам;
  • 50-59 балл: 23,1 мың адам.  

Оқи отырыңыз: Қаңтарда өткен ҰБТ-дағы ең үздік нәтиже иелері математиканы бейіндік пән ретінде таңдаған


Ал шығармашылық емтиханда 459 үміткер тіпті 10 балл да жинай алмаған. Ал толық 30 балл жинағандардың саны – 11:

  • 0-9 балл: 459 адам;
  • 10-19 балл: 7,5 мың адам;
  • 20-29 балл: 4,6 мың адам;
  • 30 балл: 11 адам.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз