USDUSD: 514.5 / 516.9
  • EUREUR: 583.5 / 587.5
  • RUBRUB: 6.11 / 6.23
Тікелей эфир
Алматы +18C
Все города

Қаңтар оқиғасы кезінде 19 шетел азаматы ұсталды

Олардың басым көпшілігі – Өзбекстан азаматы.

Бүгінгі күні қылмыстық сот өндірісінде 19 шетел азаматына қатысты іс бар. Ұсталған шетел азаматтарының басым көпшілігі – Өзбекстан азаматы, деп мәлімдеді қылмыстық қудалау қызметінің басшысы Серік Шалабаев

"Бүгінгі күні бізде қылмыстық өндіріс бойынша жалпы 19 шетелдік азамат бар. Оның басым көпшілігі, 11-і – Өзбекстан азаматы. Төртеуі – Ресей, екеуі – Қырғызстан және бір-бір адамнан – Қытай Халық Республикасы, біреуі – Тәжікстаннан", – деді Серік Шалабаев.

Сондай-ақ, ол тергеу жүріп жатқандықтан, мәліметтердің өзгеретінін атап өтті.


Оқи отырыңыз: Абзал Құспан: Бейбіт митингілерді жаппай тәртіпсіздікке ұластырған топтардың болғанына көзіміз жетті


"Бұл азаматтардың іс-әрекеті бүгінгі күні жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін және ұрлық, басқа да қылмыстармен дәлелденеді. Бұл мәліметтер, әрине, түпкілікті емес. Тергеу жүріп жатыр. Өзгеруі мүмкін", – деді Серік Шалабаев.

Еске салсақ, бас прокурор тергеудің заңсыз тәсілдерін қолдану фактілері бойынша 234 істің қаралып жатқанын мәлімдеген еді. Қаңтар оқиғасына байланысты барлығы 3 770 қылмыстық іс қозғалған. 

Серіктестер жаңалықтары