USD: 477.3 / 479.9
  • EUR: 544.5 / 549.5
  • RUB: 5.95 / 6.07
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

Қалқаманнан Көктөбеге: Алматыда жаңа №130 автобус бағыты іске қосылады

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда қоғамдық көлік желісі кеңейеді.

Алматыда 4 сәуірден бастап №130 жаңа қалалық автобус бағыты іске қосылады. Бұл туралы Алматы қаласының Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы хабарлады.

Жаңа маршруттың мақсаты – көлік қолжетімділігін арттыру және тұрғындардың қатынау жайлылығын жақсарту. Бағытқа Алматыэлектротранс ЖШС қызмет көрсетеді.

"Күн сайын желіге Yutong маркалы 15 заманауи автобус шығарылады. Ұзындығы 10 метр болатын төмен еденді көліктердің әрқайсысы 80 жолаушыға дейін тасымалдай алады. Автобустар жайлылық, қауіпсіздік және экологиялық талаптарға толық сай келеді. Қозғалыс аралығы 9 минутты құрайды. Бұл жолаушыларға ұзақ күтпей, сапарларын тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.

№130 бағыт Қалқаман шағынауданы аумағындағы №7 қалалық клиникалық ауруханадан Көктөбе дейін қатынайды. Маршруттың жалпы ұзындығы 21,5 шақырым. Автобустар күн сайын сағат 05:30-дан 23:00-ге дейін жүреді.

Бағыт Райымбек батыр, Сейфуллин, Достық даңғылдары, Сәтбаев көшесі сияқты негізгі көшелерді қамтиды. Сондай-ақ қоғамдық көлік бұрын жүрмеген Бұқар жырау бульвары бойымен де қатынайды. Жаңа маршрут қаланың батыс және орталық бөліктері арасындағы байланысты жақсартып, әлеуметтік және медициналық нысандарға қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау